Cібірде коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі анықталды

0
638

COVID-19 деп аталатын коронавирустық инфекцияның қоздырушысы саналатын SARS-CoV-2 коронавирусы жартылай мутацияға ұшыраған.


Cібірде коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі анықталды

ERNUR.KZ. Роспотребнадзор мутацияланған вирустың Еуропадан Ресейге әкелінбегенін жеткізді, деп жазады inbusiness.kz.

COVID-19 деп аталатын коронавирустық инфекцияның қоздырушысы саналатын SARS-CoV-2 коронавирусы жартылай мутацияға ұшыраған.

Оны ресейлік мамандар Сібір федералды округінен тапты. Бұл туралы Роспотребнадзор басшысы Анна Попова мәлім етті.

«Сібір өңірінде коронавирустың белгілі бір өзгеріске ұшырағаны анықталды. Біздің болжам бойынша, ол жерде вирус сол аймаққа тән мутацияға ұшырап жатыр», – деді Попова.

Попова мутацияланған вирустың Еуропадан Ресейге әкелінбегенін жеткізді.