COVID–19: сынама оң нәтиже көрсетсе, не істеу керек?

0
1 048

Жаңа алгоритмде жедел жәрдем шақыру туралы нұсқаулық жоқ. Сондай-ақ, жақын күндері ЖРВИ белгісі бар адамдарға арналған нұсқаулық шығады.


COVID–19: сынама оң нәтиже көрсетсе, не істеу керек?

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі коронавирусқа тапсырған ПТР-тест оң нәтиже көрсеткен азаматтар қандай әрекет жасау керектігін жария етті, деп жазады sputniknews.kz.

Қала әкімшілігі қысқа ғана жаңа нұсқаулық жариялады.

Егер коронавирус инфекциясының оң нәтижесін алсаңыз, сізге:

  • үйде болып, ешқайда шықпау керек;
  • аумақтық емханаға немесе учаскелік дәрігерге қоңырау шалып, сынама нәтижесі туралы хабарлау қажет.

Емхана дәрігері ауру белгілерінің болуына немесе болмауына байланысты медициналық бақылау жүргізіп, ауруханаға жатқызудың одан кейінгі әрекеттерін нақтылайды.

Аурудың клиникалық белгілері болмаған жағдайда симптомсыз адамдар аумақтық емхана дәрігерінің қашықтан қадағалауымен үйде болады.

"Мұндай алгоритмді сақтау қаланың медициналық ұйымдарының ресурстарын ұтымды пайдалану және уақытылы медициналық көмек көрсету үшін қажет", – делінген хабарламада.

Көріп отырғаныңыздай, алгоритмде жедел жәрдем шақыру туралы нұсқаулық жоқ, дегенмен мұндай шара бұрын ұсынылған. Қала билігі жақын күндері ЖРВИ белгілері бар адамдарға қалай әрекет ету керектігі туралы егжей-тегжейлі нұсқаулық шығарылатынын мәлімдеді.