Covid-19 жұқтырған науқас қандай жағдайда ауруханаға жатқызылады?

0
782

​Індет ағымы инфекцияны жұқтыру деңгейіне байланысты.


Covid-19 жұқтырған науқас қандай жағдайда ауруханаға жатқызылады?

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда орналасқан «Көпсалалы медициналық орталығы» ШЖҚ МКК басшысы Татьяна Цечоева пневмониядан өкпесінің 30%-дан астамы зақымдарған науқастар стационарларда ем қабылдайтынын айтады, деп жазады inbusiness.kz.

«Бірінші кезекте ауруханаға пневмониямен ауыратын, қосалқы созылмалы аурулары бар адамдар жатқызылады. Мәселен, қант диабеті, артериалды гипертензия, артық салмағы бар науқастар. Сонымен қатар өкпесінің 30%-дан астамы зақымданған адамдар мен аяғы ауыр келіншектер госпитализацияланады. Бұған қоса, үй жағдайында оқшауланып, ем қабылдауға мүмкіндіші жоқ азаматтар стационарларға жатқызылады», – деді Татьяна Цечоева.

Ақ халаттының сөзінше қазіргі кезде дәрігерлер 10-хаттама бойынша жұмыс істеп жатыр. Мұндағы басты ерекшелік науқастардың осы талаптар бойынша мамандар берген кеңестерін бұлжытпай орындау.

«Науқастың жағдайы жақсы болып, ауруханадан шықса да біз жазып берген препараттарды қабылдау керек. Ол асқынулардың алдын алады. Ал жалпы індеттің ағымы адам ағзысындағы инфекция дозасына байланысты. Қаншалықты инфекция көп болған сайын, ағзаға онымен күресу қиындай түседі», – деді көпсалалы медициналық орталық басшысы.