Дәрібаевтар ансамблінің негізін қалаған Ибрагим Дәрібаев өмірден өтті

0
495

Ансамбльдің жетекшісі Ибрагим Дәрібаев 1959 жылы 11 сәуірде Түркістан облысы Ленгір ауданы Ақбастау ауылында дүниеге келген.


Дәрібаевтар ансамблінің негізін қалаған Ибрагим Дәрібаев өмірден өтті

ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Отбасылық Дәрібаевтар ансамблінің негізін қалаушы әрі әртісі Ибрагим Дәрібаев 65 жасында өмірден етті, деп жазады ulysmedia.kz.

Қаза туралы Бекжігіт Сердәлі есімді фейсбук қолданушысы хабарлады.

“Қазақ эстрадасында "Жас жұбайлар", "Аман бол", "Оқ сияқты", "Нұрлы арман", "Айтшы жаным", "Сендей болмайды", "Сүйгеніме" сияқты танымал әндерді алғаш кассетамен таратқан Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев дүние салды. Бақұл бол, бауырым.... Асыл жары Әлияға, ұл-қыздарына қайғыра көңіл айтамыз” деп жазды
Бекжігіт Сердәлі.

Ансамбльдің жетекшісі Ибрагим Дәрібаев 1959 жылы 11 сәуірде Түркістан облысы Ленгір ауданы Ақбастау ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Шымкент қаласында отбасылық Дәрібаевтар ансамблін құрады. Өнер ұжымы қазақ эстрадасында алғашқы кассетасындағы әндермен елге тез танылды .1991 жылы “Жас Қанат” конкурсының дипломанты, 1993 жылы “Отбасылық” ансамбльдер конкурсының жеңімпазы атанған.