Дәрігерлер жаппай жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

0
198

Жол апатынан зардап шеккендер ауруханаға әртүрлі жарақатпен түсті.


Дәрігерлер жаппай жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Фото: kris_p_almaty_official

ERNUR.KZ. Ақмола облысында болған жаппай жол апатында 20 адам, оның ішінде 8 бала жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz.

– Ақкөл орталық аудандық ауруханасына түрлі деңгейде жарақат алған 3 адам жеткізілді. Барлығының жағдайы тұрақты. Бұланды орталық аудандық ауруханасына 11 адам түсті, олардың бесеуі, соның ішінде бір бала ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендерге бас-ми жарақаты, сүйек сынуы және дене көгеруі диагноздары қойылды. Алтауы амбулаторлық емделуге жіберілді, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Сондай-ақ, Бурабайдағы медициналық орталыққа төрт адам, оның ішінде бір бала жеткізілді. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылған, үшеуі амбулаторлық ем қабылдап жатыр.

– Астанадан 2 бала апат орнынан ауруханаға жатқызылды. 2021 жылы туған бір балада бас-ми жарақаты мен ми шайқалу белгілеріне күдік бар. Ал 2009 жылы туған жасөспірімде кеуде қуысының жарақаты мен тізе буынының көгеруі анықталды, – деп толықтырды басқарма.