Дәрігерлерге сапалы қызметі үшін 1 млн 700 мың теңгеге дейін төленуі мүмкін

0
103

Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлерді ынталандыру бойынша жаңартылған индикаторларды ұсынды.


Дәрігерлерге сапалы қызметі үшін 1 млн 700 мың теңгеге дейін төленуі мүмкін

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Жұмысты артығымен әрі сапалы орындаған дәрігер, медбике мен фельдшерлер тоқсанына 1,7 млн теңгеге дейін алатын болады. Бұл туралы Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Ведомствоның мәліметінше, 2020-2024 жылдары ауруханада емделушілер санының шұғыл өсуімен медициналық шығындар 600% - ке атты.
"Медицина қызметкерлерін ынталандыру қажеттілігі ерекше еңбек жағдайларына, жоғары психоэмоционалды жүктемеге, сондай - ақ созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша өсіп келе жатқан міндеттерге байланысты туындап отыр", - делінген хабарламада.
Қазақстанда 2011 жылдан бастап медициналық ұйымдар жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті жүйесін ескере отырып тарифтер қалыптастырды.
"Әдістеме жұмыс нәтижелеріне байланысты учаскелер бойынша одан әрі бөле отырып, әрбір медициналық ұйым үшін тіркелген бір тұрғынға төленетін төлем сомасын есептеді. Бірақ 2011 жылдан бастап жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті қайта қаралмады және дәрігерлер үшін мотивация тоқтады", - делінген хабарламада.
Жаңартылған индикаторлар толығымен автоматтандырылған, ресми орындалу мен тіркеуді қажет етпейді, деп атап өтті ғылыми орталықта.
"Жұмысты сапалы орындаған учаскелік дәрігер, медбикелер мен фельдшерлер тоқсан ішінде 1,7 млн теңгеге дейін ынталандыру қаржысын алуы мүмкін. Сондай-ақ жүкті әйелдермен жұмыс істейтін акушерлерге де төлемдер қарастырылған", - делінген хабарламада.
Мысалы:
- қан айналымы жүйесі аурулары және қант диабеті бар пациенттерді динамикалық бақылаумен толық қамту - 50 балл (1 балл – 17 000 теңге);
- созылмалы ауруларды ерте анықтағаны және әйелдерді жүктілік басталғанға дейін сауықтырғаны үшін – 25 балл;
- қатерлі ісіктерді және туберкулез жағдайларын ерте анықтағаны үшін жекелеген бонустар көзделген (1 бонус - 19 600 теңге).