Дәурен Абаев Президент тапсырмасы жайында: 800-ден астам түрлі шараны алып тастадық

0
709

Форумдар мен семинарлар айтарлықтай қысқарды


Дәурен Абаев Президент тапсырмасы жайында: 800-ден астам түрлі шараны алып тастадық

ERNUR.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай биыл өтуі тиісті 800-ден астам шараның қысқарғанын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз Абайдың 175 жылдығын, ел Тәуелсіздігі күнін атап өтеміз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аталған форумдардың ішкі мазмұны жайында айтқан болатын. Ал бұл басқа мәселе. Тәуелсіздік күнінің 30 жылдығы аясында түрлі мерзімдері бар ұсыныстарды жинақтап жатырмыз. Сіздер алдын ала жұмыстарды байқамайсыздар. Бұл жоспар қазіргі уақытта 89-90 тармақтан тұрады, ал бастапқыда 900 тармақ болатын. Біз 800-ден астам түрлі шараны алып тастадық. Бұл жұмыстардың барлығын жүргіздік, форумдар мен семинарлар айтарлықтай қысқарды», - деді Дәурен Абаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар министр ақпан айында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған тұжырымдама мен іс-шаралар жоспарын бекіту жоспарланып отырғандығын айтты.