​ДДСҰ қаржыландырудың азаюына байланысты қызметкерлерін қысқартуға мәжбүр

0
158

АҚШ 2026 жылы ДДСҰ құрамынан ресми түрде шығады.


​ДДСҰ қаржыландырудың азаюына байланысты қызметкерлерін қысқартуға мәжбүр

Фото: Pixabay.com

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) қазір қиын кезеңді өткеріп жатыр. Қаржыландырудың азаюына байланысты ұйым қызметкерлерін қысқартуға мәжбүр, деп жазды inform.kz.

ДДСҰ Бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Америка елдеріне арналған ДДСҰ-ның Вашингтонда өтіп жатқан 77-сессиясында мәлімдеді.

– Бұл барлығымыз үшін ауыр әрі қиын уақыт – біз пандемия кезінде үлкен қысымда жұмыс істеп, нақты нәтижеге қол жеткізген, өз ісіне адал, дарынды әріптестерімізбен қоштасуға мәжбүрміз, – деді ол.
Гебрейесустың айтуынша, ұйымдағы аға басшылар мен директорлар саны екі есе қысқартылған. Бұдан бөлек, ол қызметтік сапарлардың да айтарлықтай азайғанын атап өтті.
ДДСҰ-ға мүше елдер биыл мамырда 2026–2027 жылдарға арналған қысқартылған бюджетті бекітті. Ол – 4,2 млрд еуроны құрайды. Бұған АҚШ-тың – ұйымдағы ең ірі донорлардың бірі – құрамнан шығу туралы шешімі себеп болды. Бастапқыда бюджет көлемі 5,3 млрд еуро деп жоспарланған, бірақ кейін ол 21%-ға қысқартылды.
АҚШ 2026 жылы ДДСҰ құрамынан ресми түрде шығады.