Демалыстан кейін 16% қызметкердің жұмысқа зауқы соқпайды

0
1 206

16% қызметкер демалыстан соң өз еңбек демалысына жоспар құрып өздерін жеңілдеткісі келетіні анықталған. Кеңсе қызметкерлерінің жабырқау көңіл күйі 1-2 жұмыс күні бойына сақталады екен.


Демалыстан кейін 16% қызметкердің жұмысқа зауқы соқпайды

Наурыз мейрамы ұрметіне қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында демалды. Мерекеден кейінгі алғашқы жұмыс күні сауалнама жүргізілген Астана мен Алматы қалалары қызметкерлерінің жұмысқа шыққысы келмейтіні анықталған. 16% қызметкер депрессияға түсіп, 33%-ы болса жұмыс туралы ойдан стресс алады екен. Бұл туралы zakon.kz жазады.

16% қызметкер демалыстан соң өз еңбек демалысына жоспар құрып өздерін жеңілдеткісі келетіні анықталған. Кеңсе қызметкерлерінің жабырқау көңіл күйі 1-2 жұмыс күні бойына сақталады екен. Сауалнама жүргізілген 56% қызметкер демалыстан соң жұмыс өнімділігі артатынын айтқан. Ішкі ыңғайсыздық пен жайсыздықты 59% әйел адамдар сезінсе, ер адамдардың 49%-ы осындай күйде болатын көрінеді.