Денесі 100 пайыз күйіп қалған: ШҚО-да газ стансасындағы жарылыстан зардап шеккен екі адам қайтыс болды

0
524

Ал ер адам мен әйелдің жағдайы жақсарып келеді.


Денесі 100 пайыз күйіп қалған: ШҚО-да газ стансасындағы жарылыстан зардап шеккен екі адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында газ құю стансасындағы жарылыстан ауруханаға түскен екі адам көз жұмды, деп жазады inform.kz.

Еске сала кетейік, 22 маусымда Шемонаиха қаласында газ құю стансасында болған жарылыстан төрт адамды күйік шалған еді.

Бірінші екі ер адам, содан кейін тағы бір азамат пен әйел ауруханаға жатқызылды.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, денесін 100 пайыз дерлік күйік шалған екі адам көз жұмды.

«Дәрігерлер олардың өмірі үшін 48 сағат бойы күресті. Өкінішке қарай, екеуін аман алып қалу мүмкін болмады», - делінген ақпаратта.

Ал ер адам мен әйелдің жағдайы жақсарып келеді.

«Қазір олардың жағдайы тұрақты. Пациенттерге бүкіл қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - делінген хабарламада.