Астанада "Эпилепсия G40" диагнозы бар жүргізушілер көлік басқарған.
фото: Sputnik / Владислав Воднев
ERNUR.KZ. Астанада медициналық шектеулері бар адамдар көлік жүргізген, деп жазады sputnik.kz.
Астанада "Эпилепсия G40" диагнозы бар жүргізушілер көлік басқарған.
"Мысалы, жүргізуші рөлде отырған кезде денесі құрысып, екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ол 2021 жылдан бастап эпилепсия диагнозымен диспансерлік есепте тұрған", - дейді ведомстводағылар.
Ол "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі таңда 10 адам жүргізуші куәлігінен айырылды. "Жол жүрісі туралы" заңның 75-бабына сәйкес, жүргізушінің денсаулығының нашарлауы медициналық қорытындымен расталған жағдайда, көлік басқару құқығы тоқтайды.