Денсаулық министрінің қандай вакцина салатыны белгілі болды

0
2 310

​Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері вакцина салу арқылы екпенің қауіпсіз екенін халыққа көрсете алады, деді вице-министр.


Денсаулық министрінің қандай вакцина салатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық вакцина салдырады. Бұл туралы бірінші вице-министр Марат Шоранов айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Жалпы, министр бізбен бірге екпе алуға дайын. Ол да өз еркімен қазақстандық QazCovid-in вакцинасын жасауды жоспарлап отыр. Вакцина барлық зерттеуден өтуі керек. Біз осы процедура қашан аяқталатынын жариялаймыз", - деді Шоранов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Бірінші вице-министрдің өзі де отандық вакцина салдыртатынын айтты. Себебі денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері вакцина салу арқылы екпенің қауіпсіз екенін халыққа көрсете алады.

"Қиясов мырза (денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитар дәрігер) және Ажар Ғиният (денсаулық сақтау вице-министрі) өз еркімен Спутник V вакцинасын егуге шешім қабылдады. Өзім осы мәселемен айналысамын, сондықтан қазақстандық вакцинаның сенімді екенін білемін. Осы екпе нарыққа шыққан бойда өзіме бірінші болып салдыртамын", - деп атап көрсетті Шоранов.