Денсаулық сақтау бұрынғы вице-министрі 500 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде

0
569

Әбішев қамауға алынған, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.


Денсаулық сақтау бұрынғы вице-министрі 500 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау экс-вице-министрі Олжас Әбішев 500 миллион теңгені жымқырды деп күдіктелуде. Бұл туралы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Еліманов онлайн-брифинг барысында мәлімдеді, деп жазады kaz.nur.kz.


"Бүгінде денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты тергеу жүргізілуде, ол ақпараттық жүйелерді құруға бөлінген 500 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деп күдіктеліп жатыр", - деді комитет басшысы.


Еліманов Әбішевтің қамауға алынғанын, тергеу әрекеттері жалғасқанын атап өтті.


"Жұмыстың аяқталмағанын біле тұра, Әбішев орындалған жұмыс актісіне қол қойған және оған ақы төлеген. Қазіргі уақытта жүйе жұмыс істемейді. Іс шеңберінде осы министрлікте бюджеттік қаражатты жұмсаудың басқа фактілері де тексеріліп жатыр", - деді Еліманов.