Денсаулық сақтау министрі Садраддин Болаттың концертін сынға алды

0
976

“Хан Шатырда” өткен тегін концертте бір топ фанаттар Садраддин Болаттың шашынан жұлып, таптап кете жаздаған.


Денсаулық сақтау министрі Садраддин Болаттың концертін сынға алды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният сейсенбі күнгі үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты. Ол Нұр-Сұлтан қаласында өткен әнші Садраддин Болаттың концертін сынға алды. Министр мерекелік шарада санитарлық талаптардың сақталмағанын айтып, мұның арты аурудың көбеюіне алып келуі мүмкін екенін жеткізді, деп жазады Stan.kz.

"20-шы маусымнан бастап республикада КВИ ауруының кезекті өсуі байқалып жатыр. Соңғы екі аптада сырқаттанғандардың саны 3,2 есе, яғни, 10 714 - тен 34 550 жағдайға дейін өсті", - деді Ажар Ғиният.

Министр вакцинация мен ревакцинация КВИ-дің алдын-алудың негізгі әдісі екенін хабарлады.

"Ауырғандардың 80% -ы егілмеген немесе 6 ай бұрын егілген адамдар, бұл КВИ-ға қарсы уақтылы ревакцинация қажеттілігін тағы да дәлелдейді", - деп атап өтті А.Ғиният.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы "сары" аймақта, қалған өңірлер мен Қазақстан Республикасы жасыл аймақта орналасқан. Осы ретте министр елордада өткен әнші Садраддин Болаттың концертін сынға алды.

"Қызыл" аймаққа өту мен шектеу шараларын енгізу бизнес пен халықтың профилактикалық шараларды ұстануына тікелей байланысты болмақ. Бірақ мына слайдтан көріп отырғандарыңыздай, "сары" аймақтағы Нұр-Сұлтан қаласында көптеген адамдардың қатысуымен жабық ғимаратта массалық іс-шара өткен. Оның үстіне, медициналық бетперде тағу мен әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша кеңестер сақталмаған. Оның арты елордада инфекцияның тарала түсуіне әкеп соқтыруы мүмкін", - деді Ажар Ғиният.

Айта кетейік, “Хан Шатырда” өткен тегін концертте бір топ фанаттар Садраддин Болаттың шашынан жұлып, таптап кете жаздады.