Қазіргі күні сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иемденіп алу немесе талан-таражға салу бойынша тергеу жүргізілуде.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Экономикалық тергеу департаменті Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығына ие республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың бірінің ғимаратын жөндеу кезінде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуге алды, деп жазады ҚазАқпарат.
Департаменттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жөндеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында елордалық ЖШС-нің бірі жүргізген. Жедел-іздестіру іс-шаралары жұмыстардың толық көлемде орындалмағаны ашқан. Ал орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойылып, мердігерге жұмыс ақысы толық көлемде төленіп кеткен.
«Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тергеу жүргізіледі. Қылмыстық іс жүргізу тәртібі бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесіне орай жария етілмейді», - делінген ресми мәліметте.