Денсаулық сақтау министрлігінің басшылары өз балаларына вакцина салдыра ма?

0
622

Республикаға Pfizer вакцинациясының алғашқы партиясы жеткізілгені белгілі.


Денсаулық сақтау министрлігінің басшылары өз балаларына вакцина салдыра ма?

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің басшылары ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында «Өздеріңіздің 12 жастан асқан балаларыңыз болса, вакцина салдырып, халыққа үлгі болуға дайынсыздар ма?» деген тілші сұрағына жауап берді, деп жазады baq.kz.

Ажар Ғиният пен ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова бір ауыздан «дайынбыз» деген жауап қатты.

Республикаға Pfizer вакцинациясының алғашқы партиясы жеткізілгені белгілі. Екпе ең алдымен 12 жастан асқан балаларға, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға салынады. Бір құтысы 6 дозаға есептелген. Вакцинациялау әдеттегідей екі компонент бойынша жүргізіледі. Екінші компонент араға 21 күн салып егіледі.

Ал вакцина алған соң жасөспірімдерге де вакцинация құжаты жасалады. Электрондық вакцинация құжатын «eGov mobile» мобильдік қосымшасынан жүктеп алуға болады. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация туралы QR-коды бар қағазға шығарылған анықтаманы тұрғылықты мекен жай бойынша медициналық ұйымнан алу қажет.