Депутат Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды

0
846

Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауында екенін жеткізген.


Депутат Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан да коронавирус індетін жұқтырып алғанын жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Қадірлі ағайын! Соңғы күндері көп азаматтар денсаулығыма алаңдаушылық білдіріп, хабарласып жатыр. Әлемдік пандемия салқыны маған да тиді. Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Алдымен үй жағдайында ем қабылдап бастаған едім. Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауындамын. Тиісті ем шараларын қабылдап жатырмын. Дәрігерлер атаған COVID симптомдарын бастан өткерудемін. Қазір вирустың таралу ықтималдығы артты. Сондықтан азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин әлі бітпеді. Аман болайық!" деп жазды ол өзінің Instagram парақшасына.