Депутат Сүлейменова Мәжілістен кетті

0
540

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісовтің айтуынша, депутат міндеттерін атқарудан өз еркімен бас тартқан.


Депутат Сүлейменова Мәжілістен кетті

ERNUR.KZ. Парламент Мәжілісінің депутаты Зүлфия Сүлейменованың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп жазады baq.kz.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісовтің айтуынша, депутат міндеттерін атқарудан өз еркімен бас тартқан.

Парламенті Мәжілісі депутаты Зүлфия Болатқызы Сүлейменова міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы Конституцияның 52-бабына «ҚР Парламенті және оның депутаттары мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Конституциялық заңның 24-бабы 3) және 8) тармақтарына сәйкес Парламент Мәжілісі депутаты Зүлфия Болатқызы Сүлейменованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр, - деді Шавхат Өтемісов.

Депутаттар ұсынылған мәселе қатысты тиісті қаулыны қабылдады.