Димаштың елордадағы концертіне билеттің 80 пайызы сатылып кетті

0
1 056

Концертке билет сатып алушылардың ең көбі - қазақстандықтар.


Димаштың елордадағы концертіне билеттің 80 пайызы сатылып кетті

ERNUR.KZ. 2019 жылдың 29 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне бүгінгі күні билеттің 81 пайызы сатылып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы «Қазақстан» РТРК АҚ баспасөз қызметінен хабарлады. Айта кетсек, «Arnau» концертінің бас ұйымдастырушысы - «Қазақстан» РТРК АҚ. Билеттерді сату бойынша бас оператор - www.zakazbiletov.kz. Сондай-ақ, билеттер www.biletiastana.kz сайтында қолжетімді.

«Концерт бойынша барлық жаңалықтарды instagram және facebook әлеуметтік желілеріндегі @dimash_arnau ресми парақшасынан біле аласыздар. Басқа ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сүйенбей, ресми парақшадағы ақпаратқа назар аударыңыздар!», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайбергеннің концерті 29 маусымда «Астана-Арена» сарайында өтеді. Билеттер 18 наурыздан сатыла бастаған. Концертке билет сатып алушылардың ең көбі - қазақстандықтар.

Одан кейін Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Жапония, Түркия, Нидерланд, Румыния, Польша және т.б елдер. Ең алыс елдердің арасында: Бразилия, Мексика, Африка, Канада, Аустралия бар.