Күдікті ақшаны алғанын мойындады, қаражатты жеке басының қажеттілігіне жұмсаған.
ERNUR.KZ. Жалған диплом жасатпақ болған Семей тұрғыны 600 мың теңгесінен айрылды, деп жазады sputnik.kz.
19 шілдеде Семей қаласы полиция басқармасының “102” жедел арнасына 43 жастағы жергілікті тұрғын хабарласқан. Айтуынша, алаяққа алданып қалған.
"Биыл қаңтар айының соңында бейтаныс адам алаяқтық жолмен жәбірленушінің 600 мың теңгесін иемденіп кеткен. Күдікті диплом алып беремін деп уәде берген", - дейді ведомство.
Диплом ала алмайтынына көзі жеткен 43 жастағы жәбірленуші полицияға шағымданған. Тәртіп сақшылары 55 жастағы күдіктіні анықтаған. Тексере келе "диплом әперушінің" еш жерде жұмыс істемейтіні белгілі болған.
"Күдікті ақшаны алғанын мойындады, қаражатты жеке басының қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі күні ҚК- нің 190-бабы 1-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргіп жатыр", – деді облыс ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.