ДСМ: Қазақстанда пандемияның екінші толқыны басталған жоқ

0
474

​Эпидемиялогиялық жағдай Ресеймен іргелес өңірлерде ғана өршіп тұр.


ДСМ: Қазақстанда пандемияның екінші толқыны басталған жоқ

ERNUR.KZ. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев Қазақстандағы пандемияның екінші толқын туралы айту әлі ерте екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz.


«Дүние жүзінде екінші толқын басталды деп хабарлап жатыр. Сонымен қатар, соңғы екі аптада бізде ауруға шалдығу өсімі жоғарылап, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында жұқтыру саны өсіп бара жатыр. Ал қалған өңірлерде эпидемиологиялық жағдай әзірге тұрақты. Екінші толқын басталды немесе басталған жоқ деп айту қиын. Бірақ аурулар саны өсіп келе жатыр. Біздің ойымызша, жалпы әлі толық олай айта алмаймыз. Екінші толқын дүние жүзінде басталғанымен, бізде көптеген өңірде тұрақты болғандықтан, әлі басталды деп айтуға болмайды», - деді ресми өкіл.