Коронавирусқа қарсы QazCovid-IN вакцинасын сынақтан өткізудің бірінші және екінші кезеңіне 244 және 200 ерікті қатысқан. Үшінші клиникалық зерттеуге 3000 ерікті қатысқан.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы QazCovid-IN қазақстандық вакцинасын салдырған еріктілерде қандай жанама әсер болғанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
"Клиникалық сынақтың бірінші және екінші кезеңінен кейін барлық жанама әсер зерттеу хаттамасында көрсетілгендей болды. Еріктілер гиперемия, шаншу және қышу секілді жанама әсерлер туралы айтты", - делінген хабарламада.
Коронавирусқа қарсы QazCovid-IN вакцинасын сынақтан өткізудің бірінші және екінші кезеңіне 244 және 200 ерікті қатысқан. Үшінші клиникалық зерттеуге 3000 ерікті қатысқан.
Сонымен қатар, барлық еріктіге 200 000 теңге көлемінде сыйақы берілген. Қазақстандық вакцинаны салдырған ерікті қайтыс болған жағдайда 500 мың теңге көлемінде сақтандыру төлемі қарастырылған.