Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: қазақ даласындағы тарихи күндер

0
516

Айта кетсек, осы бір айшықты іс-шара Астананың алдында Түркиядағы Изник қаласында өткен болатын.


Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: қазақ даласындағы тарихи күндер

Қазақстанның елордасы – Астана қаласында бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. 8-13 қыркүйек күндері аралығында жалауы желбірейтін жарысқа 89 елдің спортшылары қатысады.

Қазақ даласында өткелі отырған дүбірлі дода - еліміздің ұлттық спорт саласындағы тарихи күндер болып есте қалатын айтулы күндер болмақ. Осы ретте аталған дүбірлі додаға қатысты біршама мәлімет беруді жөн көрдік.


Бұл қандай жарыс?

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – бұл этникалық спорт түрлері бойынша өтетін халықаралық спорттық дода. Аталған сайыс әрбір екі жыл сайын өткізіліп келеді. Алғашқы жарыс осыдан он жыл бұрын Қырғызстан мемлекетінде ұйымдастырылған. Сол уақыттан бергі кезеңде бұл спорттық дода көшпелі өмір салтын ұстанған халықтар арасында танымалдылыққа ие болып, көпшілік қызыға қарайтын фестиваль-мерекеге айналды десек, қателеспейміз. Тіпті, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізімінен орын тауып үлгерді. Айта кетсек, осы бір айшықты іс-шара Астананың алдында Түркиядағы Изник қаласында өткен болатын.


Жуырда Астанада түңлігі түрілетін спорттық ойындар қалай өтеді?

Көшпенділердің дүниежүзілік сайыстары елордадағы бірнеше спорттықнысанда өткізілмек. Олар: «Астана-Арена» стадионы, «Қазанат» атшабары, Олимпиада чемпионы, даңқты палуан Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Алау» мұз сарайы, «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешені және «Думан» кешені.

Жеке-жеке тоқталар болсақ, «Қазанат» атшабарында және арнайы этноауыл кешенінде ат үстіндегі спорттық сайыстар, дәстүрлі садақ ату, құстарды ұшыру арқылы аң аулау түрлері бойынша жарыстар өтеді.

Ал, Олимпиада шыңын бағындырған Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек кешені мен «Алау» атты мұз айдынында ұлттық күрес спорты түрлері, жекпе-жек түрлері мен өзге де көшпелілер ойындары ұйымдастырылмақ. «Думан» кешенінде дәстүрлі интеллектуалды сайыстарға куә бола аласыздар. Сонымен бірге, «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде аккредиттеу және жабдықтау жұмыстары орындалады. Одан бөлек, Астана қаласындағы ауқымды алаңдарда, саябақтар мен аллеяларда, театрлар мен ірі концерт кешендерінде, кинотеатрлар мен музейлерде де рухани-мәдени іс-шаралар өткізілмек.

Қандай спорттық сайыстар өткізіледі?

Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жалпы қазақ халқының ұлттық спорт түрлерін қоса есептегенде жиырмадан аса спорт түрі өткізіледі. Жеке-жеке тоқталып өтсек:

Теңге ілу - ат жалында ойнаған спортшылар шауып келе жатып жердегі теңге немесе соған ұқсас өзге де заттарды еңкейіп алуы керек;

Қазақ күресі – бұл бәріміз білетін дәстүрлі қазақ күресі, бұл сайыста палуандар барлық ережені сақтай отырып, түрлі рұқсат етілген әдіс-тәсілдермен қарсыласының жауырынын жерге тигізеді немесе ұпай жинау арқылы ұтады;

Ашыртмалы аба гүреши – бұл түрік халқының күресі, қарсылас атанған қос палуан белбеуден ұстау арқылы жығуы қажет;

Кореш (татардың белбеу күресі) – татар халқының дәстүрлі күресі, жекпе-жекке шыққан палуандар белдеуден ұстап, бір-бірін жеңі үшін алысады;

Көк бору – күнделікті өкріп жүрген көкпар ойынының аналогы.

Арқан тарту – білекі жігіттер екі топқа бөлініп, екінші команданы немесе арқанды өздеріне қарай тартады;

Бәйге – ұзақ уақыт бойы бабына келтірілген жүйрік жылқылар мен оларды басқаратын білікті шабандоздар сыналатын сайыс, түрлі қашықтық бойынша ұйымдастырылатын қазақ халқының ұлттық ойыны;

Көкпар – қазақ халқының жүздеген жылдардан бері жалғасып келе жатқан ұлттық ойыны. Екі топқа бөлінген көкпаршылар серке немесе соған ұқсас жасанды серкені жерден көтеріп, қазандыққа жеткізуі тиіс;

Аударыспақ – ат жалында ойнаған палуан жігіттердің күресі, қатысушылар түрлі әдіс-айла немесе білектің күші арқылы қарсыласын ат үстінен құлатады;

Powerful nomad (мықтылар сайысы) – ауыр салмақты жоғары көтеру, лақтыру немесе өзге де тапсырмалар орындалатын, бой қуатын талап ететін түрлі сайыстардан тұратын көпсайыс;

Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ежелден жалғасып келе жатқан ой сайысы. Бұл сайысты өзге халықтар тоғызқорғұл, манкала деп те атайды. Зияткерлік додаға қатысушылар қазандықтардағы тастарды таратып, өзінекөбірек жинауы керек;

Барбекю – қазақ халқына таңсық бұл сайыс Орта Азия елдерінде кеңінен таралған үстел ойындарының топтама атауы;

Овари – дүниежүзіндегі түрлі көшпенділер елдерінде түрлі ережемен өткізілетін ой сайысы;

Алыш – палуандар жекпе-жекке шығып, белдеуден ұстау арқылы қарсыласын жығуы қажет, қырғыз халқының ұлттық спорты;

Мас күресі – якут халықтарының спорты, екі спортшы жекпе-жекке шығып, қарама-қарсы отырған олар таяқтың екі ұшынан ұстап тартысады;

Жамбы ату – ат жалында ойнаған шабандоз әрі мерген сопртшылар садақпен нысана көздейтін ұлттық спорт;

Дәстүрлі садақ ату спорты – бұл сайысты құралайды көзге атқан мергендер әдістер мен ережелерді сақтай отырып, нысананы көздеу арқылы ұпай жинайды;

Құсбегілік – бүркіт немесе сұңқар секілді құстарды баптаған құсбегілердің сайысы, аң ұстаудың аталған түрі құс пен оны баптаушы арасындағы терең түсіністік пен шеберлікті талап етеді;

Құраш – өзбек жұртының дәстүрлі күресі, бұл сайыста да жекпе-жекке шыққан палуандар бір-бірін жығуға күш салады;

Міне, Астанада өтетін халықаралық сайыста осындай ойындар өткізіліп, жүзге тарта медаль жиынтығы бәйгеге тігіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, елімізде алғаш рет өткізілгелі жатқан бұл сайыс тарихта қалатын ерекше оқиға болмақ. Себебі, бұл дода көшпенді өмір салтын ұстанған халықтардың спортын насихаттап қана қоймай, атасы ағайынды елдердің рухани-мәдени және идеологиялық қарым-қатынасын нығайтуға да сеп болмақ.


Ендігі кезекте аталған айшықты іс-шараға қатысты елеулі оқиғалар және ел білуі тиіс жаңалықтарға шолу жасағанымыз да жөн болар. Сонымен:

● Тамыз айының алтыншы жұлдызында көшпенділер ойындарына арналған билеттер нарыққа шыққан еді. Ашылу салтанатына арналған билеттер құны 15-50 мың теңге аралығында. Ал, спорттық сайыстарға арналған билеттердің орташа бағасы 3-4 мың теңгеге тең. Мектеп оқушылары мен зейнетке шыққан ардагерлер билет құнының жартысын ғана төлейді. Ал, 5 жасқа толмаған бүлдіршіндер, бірінші және екінші санатқа жататын мүгедектерге билет тегін беріледі. Билеттерді www.zakazbiletov.kz сайтынан немесе офлайн кассалардан сатып алуға болады.

● Көшпенділер ойындарына тоқсанға тарта елден үш мыңға жуық спортшы және ресми делегациялар келеді. Сонымен қатар, Астанаға жүз мыңнан астам турист табан тірейді деп болжам жасалған.

● Садақ ату спортына қатысатын екі жүзден аса мерген қазақстандық жабдықтарды қолданады.

● Спортшылар тұтынатын күндік тағамдардың қуаты төрт мың калориядан кем болмайды. Барлық келушіге бес түрлі мәзір ұсынылады. Ал,әрбір дастарханға қазақ халқының ұлттық тағамдары қойылады.

● Дүбірлі додға арналған мерейтойлық 500 дана пошта маркасы да пайда болды. Марка бағасы 500 теңге.

● Көкпар спорты бойынша күш сынасатын команда үшін ең мықты деген отызға жуық тұлпар дайындалған. Ал, бәйгеге шабатын жүйріктер қатарынан атақты Кабирханды көруіміз ықтимал.

● Спорттық сайыстар кезінде елордалықтар мен қонақтар таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін арнайы қоғамдық көліктердің қызметін пайдалана алады.

● Әні-міне дегенше Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалауы желбірегелі тұр. Осы ретте Ішкі істер министрлігі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген жұмыс режиміне көшті.


Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ