Шығыс Қазақстанда жол апатынан екі адам көз жұмды

0
102

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.


Шығыс Қазақстанда жол апатынан екі адам көз жұмды

Фото: видеодан алынған скрин

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, 2 адам көз жұмды, деп жазады inform.kz.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 24 сәуірде «Өскемен-Шемонаиха» тасжолының Глубокое ауданындағы Березовка ауылының маңындағы учаскесінде болған.

– «Mazda» және «JAC» автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан «Mazda» жүргізушісі мен жолаушысы сол жерде қаза болды. Ал «JAC» жүргізушісі ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, бірқатар сараптама тағайындалған.