Алматы ішкі істер департаменті канализациялық құдық қақпағы ұрланғаны туралы ақпарат берген азаматтарға ақшалай сыйақы береді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
фото arknews.kz
Алматы ішкі істер департаменті канализациялық құдық қақпағы ұрланғаны туралы ақпарат берген азаматтарға ақшалай сыйақы береді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.Sputnik.kz. сайтына сілтеме жасап.
Полиция мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері қалада 35 рет канализациялық құдық қақпағы ұрланған, 18 қылмыс ізі суымай бірден әшкереленіпті.
"Құдық қақпағын ұрлаушыларды бас бостандығынан айырған кезде болған. Қақпақтардың ұрлануы салдарынан тағы бір қауіп туындайды – жол апаты мен жазатайым оқиғалар. Тағы бір айта кететін жайт, ұрланған затты сатып алушылар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл жерде металл қабылдаушыларды меңзеп отырмыз", — деп атап өтті Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Тәртіп сақшылары азаматтардан канализациялық құдық қақпағы ұрланғанын немесе ұрлықпен айналысатын тұлғалар жайында кез келген ақпаратты хабарлауды сұрайды:
8 (727) 254-40-07, 8-707-500-59-06 немесе 102.
Полиция атап өткендей, дәйекті мәлімет үшін сыйақы беріледі.