Джеки Чанның жаңа блокбастері Маңғыстауда түсірілетін болды

0
90

Киножоба өкілдері өңірдің табиғи және инфрақұрылымдық мүмкіндіктерімен танысып, түсірілім болатын жерлерді аралаған.


Джеки Чанның жаңа блокбастері Маңғыстауда түсірілетін болды

CC BY-SA 2.0 / Gage Skidmore / Jackie Chan

ERNUR.KZ. Джеки Чан Қазақстанда жаңа блокбастер түсіреді, деп жазады sputnik.kz.
Әлемдік кино жұлдызы Джеки Чан және "Құдай сауыт-сайманы: Ультиматум" фильмінің режиссері Роберт Кун жаңа ірі киножобаның негізгі түсірілім алаңы ретінде Маңғыстауды ресми түрде бекітті.
Киножоба өкілдері өңірдің табиғи және инфрақұрылымдық мүмкіндіктерімен танысып, түсірілім болатын жерлерді аралаған. Табиғи ерекшелігі үшін "Құдай сауыт-сайманы" фильмінің түсірілім орны ретінде дәл Маңғыстау таңдалды.
Культке айналған фильмнің Маңғыстауда түсірілуі Қазақстанның киноиндустриясы үшін маңызды оқиға ретінде бағаланып отыр.
"Бұл жобаға осындай деңгейдегі халықаралық команданың қатысуы кәсіби тәжірибе алмасуға, жергілікті мамандарды тартуға және Маңғыстаудың табиғи әрі мәдени мұрасын әлемдік аудиторияға кеңінен танытуға қосымша мүмкіндіктер ашады", - дейді ведомстводағылар.
Жоба бойынша дайындық және ұйымдастыру жұмыстары белгіленген тәртіпке сәйкес жалғасатын болады.