Egov Mobile қосымшасының басты бетіне арнайы интерактивті бөлім орналастырылған.
Фото: Kazinform
ERNUR.KZ. Бас көлік прокуратурасы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында жаңа цифрлық профилактика форматын іске қосқанын хабарлады, деп жазады inform.kz.
Енді қазақстандықтар әртүрлі құқықбұзушылықтар туралы – алаяқтықтан бастап есірткі айналымына және өзге де қылмыстық схемаларға дейін – жедел алдын алу ақпаратын Egov Mobile және InDriver қосымшалары арқылы ала алады.
Egov Mobile қосымшасының басты бетіне арнайы интерактивті бөлім орналастырылған. Осы бөлімге өткен пайдаланушылар прокуратура органдарының ресми сайтына бағытталады. Онда түсіндірме материалдар, кең тараған қылмыстық схемалардан қорғану бойынша ұсынымдар, сондай-ақ қылмыстық жауаптылық туралы мәліметтер жарияланған. Ақпараттың берілу форматы оны барынша қолжетімді әрі түсінікті етуге бағытталған.
Осыған ұқсас профилактикалық баннерлер мен push-хабарламалар InDriver платформасына да енгізілді. Бұл аудиторияны айтарлықтай кеңейтіп, алдын алу мазмұнын елдің кез келген өңіріндегі азаматтарға қолжетімді етті.
Цифрлық шешімдер профилактиканы жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс аясында жүзеге асырылып, Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» бастамасымен үйлесімде орындалып жатыр.
Басты мақсат — халықтың хабардарлығын арттыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу және өзекті ескертулерді жедел түрде кең аудиторияға жеткізу.
Профилактикалық сервис тәулік бойы жұмыс істейді, ал жаңартулар мен ескертулер пайдаланушыларға тұрғылықты өңіріне қарамастан қолжетімді.


