Екі полицей мен Өзбекстан азаматы жол апатынан қаза болды

0
1 055

Қайғылы оқиға 13 шілде күні Алматы-Екатеринбург тас жолының 380-шақырымында орын алған.


Екі полицей мен Өзбекстан азаматы жол апатынан қаза болды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында Алматы-Екатеринбург тас жолының 380-шақырымында жол апаты салдарынан 3 адам көз жұмды, деп жазады baq.kz.

«13 шілдеде сағат 17.35-те Жамбыл облысы Полиция департаментінің кезекші бөліміне Алматы-Екатеринбург тас жолының 380-шақырымында SsanYong маркалы қызметтік автокөлігінің аударылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері мен Өзбекстан Республикасының бір азаматы қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы көші-қон заңнамасын бұзушыларды жеткізу кезінде орын алған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.