Екібастұз №1 МАЭС стансасында бір энергия блогы кенеттен жұмысын тоқтатты

0
110

Оған кәсіпорын мұржасындағы ақау себеп болған.


Екібастұз №1 МАЭС стансасында бір энергия блогы кенеттен жұмысын тоқтатты

ERNUR.KZ. Болат Нұржанов атындағы Екібастұз № 1 мемлекеттік аймақтық электр стансасындағы № 3 энергия блогы кенеттен тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz.


Әлеуметтік желіде Екібастұздағы 1 МАЭС-тің түтін мұржасында саңылау пайда болып, бүйірінен қою шаң-тозаңның бұрқырап жатқаны туралы бейнежазба тарап кетті. Бұл кәсіпорында бүгінде әрқайсысы 500 МВт қуат беретін 8 энергия блогы бар.

“2024 жылғы 12 қарашада сағат 16:00–де Екібастұз 1-МАЭС жабдығын аралау және тексеру барысында № 1 түтін құбырының балконы төңірегінде шаңның пайда болғаны анықталды. Шаңдану себептерін анықтау үшін № 3 энергия блогын ажырату туралы шешім қабылданып, түтін құбырына ішкі тексеру жүргізу мақсатында мамандандырылған ұйым тартылды. Шаңның пайда болу себептері тексеру нәтижелері бойынша анықталады. Жүргізілген талдау негізінде қажетті іс-шаралар жоспары әзірленеді,” деп хабарлады кәсіпорынға иелік ететін "Самырұқ-Энерго" компаниясынан.