Екібастұзда тағы да ірі апат: жылу электр орталығына су беру тоқтатылды

0
810

Апат салдарынан ЖЭО-на техникалық су беру тоқтатылды.


Екібастұзда тағы да ірі апат: жылу электр орталығына су беру тоқтатылды

ERNUR.KZ. Жылу желілеріндегі апаттың салдарынан әлі толық айықпаған Екібастұзда бұл жолы су құбырында ірі апат болды, деп жазады Stan.kz.

"Бүгін сағат 16:00-де "Қалалық су арнасы" МКМ-нің су тазарту нысандарының аумағында қалалық су каналы қызметкерлерінің жөндеу жұмыстары кезінде диаметрі 500 мм техникалық су құбыры зақымданған. Апат салдарынан ЖЭО-на техникалық су беру тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Бұл ретте Төтенше жағдайлар министрлігі жылу мен судың қалыпты режимде беріліп жатқанын атап өтті. Жергілікті атқарушы органдардың, "Қалалық су арнасы" МКМ, төтенше жағдайлар департаменті күштерімен суды сору жұмыстары жүргізілуде. Жұмысқа екі техника және төрт мотопомпа, 20 адам жұмылдырылған.

Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов, қалалық әкімдік пен Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті жұмыс істеп жатыр.