Елбасы ҚХА құрметті төрағасы болды

0
553

Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысын қабылдады.


Елбасы ҚХА құрметті төрағасы болды

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтан Қазақстан халқы Ассамблеясының құрметті төрағасы болуды сұрады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Сізге, аса құрметті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрметті төрағасы болу туралы ұсынысымызды қабылдауды сұраймын. Бұл мәртебе сізге халқымыз бен мемлекет алдындағы тарихи еңбегіңіздің арқасында тиесілі. ҚХА-ның барлық мүшелері бұл ұсынысты қолдайтынына сенімдімін", - деді Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында.

Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысын қабылдады.

"Жаңа міндеттерді қабылдаймын, Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге жұмысымды жалғастырамын. Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіздерге сәттілік тілейміз, ҚХА барлық бастамаларды қолдайды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған дейін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының өкілеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бергені хабарланған болатын.