Елде папиллома вирусына қарсы екпе егу науқаны басталады

0
625

Денсаулық сақтау министрлігі америкалық 4 валентті "Гардасил" вакцинасын сатып алуды жоспарлап отыр.


Елде папиллома вирусына қарсы екпе егу науқаны басталады

ERNUR.KZ. Осы күзде елде папиллома вирусына қарсы екпе егу науқаны басталады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл шара иммундау жөніндегі ұлттық жоспарға да енгізіледі деп күтілуде. Екпе қыздарға тек ата-аналарының рұқсатымен ғана егіледі. Иммундау шарасына Денсаулық сақтау министрлігі америкалық 4 валентті "Гардасил" вакцинасын сатып алуды жоспарлап отыр. "Жалпы Қазақстанда жыл сайын жатыр мойыны обыры салдарынан 600 әйел көз жұмады. Қатерлі ісіктің пайда болуына осы адам папиллома вирусы басты себепкер", - дейді дәрігерлер.

"Вакцина бізге жатыр мойыны обырының алдын алуға көмектеседі. Егер қыздар адам папиллома вирусына шалдықса, ол ешбір әдіспен емделмейді. Сондықтан осы екпе арқылы оның алдын алған маңызды. Иммундау кезінде 9 бен 14 жас аралығындағы қыздарды вакцинациялау жоспарланған. Ол тегін болады", - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы Зайтуна Хамидуллина.