Елдегі 24 өзен мен 4 су қоймасы пайдалануға жарамсыз

0
521

Елдегі тау-кен, металлургия, химия өнеркәсібтері және ауыл шаруашылығы мен коммуналдық шаруашылықтың әсерінен өзен мен су қоймалары ластанып жатыр.


Елдегі 24 өзен мен 4 су қоймасы пайдалануға жарамсыз

ERNUR.KZ. Елдегі 24 өзен мен 4 су қоймасы ластанған, оны пайдалану мүмкін емес. Қазақстанның бес өзенінде ғана сапалы су бар, деп жазады zakon.kz.

Бұл жайында Экология министрлігі әзірлеген алдағы жылдарға арналған су шаруашылығы жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасында айтылды.

Құжатта Қазақстанның 28 су объектісін қандай да бір жолмен пайдалануға болмайды делінген.

Елдегі тау-кен, металлургия, химия өнеркәсібтері және ауыл шаруашылығы мен коммуналдық шаруашылықтың әсерінен өзен мен су қоймалары ластанып жатыр.