9-10 наурыз күндері "Электронды үкімет" пен тағы да бірнеше интернет-ресурстардың қызметі уақытша тоқтайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2019 жылдың 9-шы наурыз күні сағат 21:00-ден бастап 10-шы наурыз сағат 13:00-ге дейін Мемлекеттік органдардың Серверлік орталығында орналасқан телекоммуникация және серверлік жабдықта жоспарлаған жұмыстар жүретінін жариялайды. Осыған байланысты келесі интернет-ресурстар қолжетімсіз болады:
- «Электрондық үкімет» порталы;
- Мобильді Office Үкіметі;
- «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры;
- "Бірыңғай нотариат" ақпараттық жүйесі.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның баспасөз хабарламасында.