Елена Рыбакина қаңғыбас иттердің күтіміне қаражат аударды

0
801

Волонтерлік қозғалыс өкілдері Елена Рыбакинаға игі тілектерін білдірген.


Елена Рыбакина қаңғыбас иттердің күтіміне қаражат аударды

ERNUR.KZ. Спортшы қаңғыбас иттерге арналған қамқорлық орталығына қаражат аударды, деп жазады ulysmedia.kz.

«Құрметті достар, бізге күтпеген жерден келген ерекше қуанышты жаңалықпен бөліспесек болмады. Елімізге ең танымал әрі талантты теннисші Елена Рыбакина бізге қиын сәтте қол ұшын созды. Кеше біз 10 тонна макарон сатып алдық. Қуанышымызда шек жоқ. Еленаға шексіз алғыс айтамыз», - деп жазылған «СтопОтлов» волонтерлік қозғалысының Instagram парақшасында.

Волонтерлік қозғалыс өкілдері Елена Рыбакинаға игі тілектерін білдірген. Сондай-ақ, теннисшіні қаңғыбас иттер орталығына шақырады. Ал, спортшының қайырымдылыққа қанша қаражат аударғаны нақтыланбаған.

Еске салайық, биыл қаңтарда Елена Рыбакина әлемнің 10-ракеткасы атанған. Алған ақшасының бір бөлігін Елена қаңғыбас иттердің қамқорлығына аударатынын былтыр айтқан еді.