Елімізде 1991 жылдан бастап берілген ЖОО дипломдары электронды базаға енгізіліп жатыр

0
604

Бұл жұмыстар 2018 жылдан басталған.


Елімізде 1991 жылдан бастап берілген ЖОО дипломдары электронды базаға енгізіліп жатыр

ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі жалған дипломдарды анықтаудың тетігі іске қосылып жатқанын айтты, деп жазады inform.kz.

«Жалған диплом жасау – қылмыстық әрекет. Диплом мен құжаттардың жалған екенін біле тұра сатып алғандар да жауапқа тартылады. Қазір Ішкі істер министрлігімен және басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесе тиісті жоспарымызды бекіттік. Жарнама тарайтын түрлі платформаларда жалған құжаттардың сатылымын анықтауға рейд жүріп жатыр. Атап айтқанда, заң бұзғандарды жазалау керек», - деді С. Нұрбек Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, 1991 жылдан бастап берілген дипломдар туралы мәліметтер жинақталып жатыр.

«Арнайы платформада 1991 жылдан бастап берілген бүкіл дипломды енгізіп жатырмыз. Бұл жұмыстар 2018 жылдан басталған еді. Осы уақыт аралығында 3,5 млн диплом базада бар. Енді кез келген жұмыс беруші арнайы цифрлық қызмет арқылы тексере алады. Әр дипломның жеке нөмірі мен QR-коды бекітіледі. Бұл тұрғыда жалған дипломды анықтау мүмкін болады», - деді министр.