Науқастардың 98,9%-ының жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.
ERNUR.KZ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы елімізде пневмониямен ауырып жатқандардың статистикасына тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.
«Бізден пневмония статистикасы туралы жиі сұрайды. Бүгінде елімізде стационарларда ПТР-тест нәтижесі теріс, бірақ пневмонияға шалдыққан 28 мың пациент ем алуда. Науқастардың 98,9%-ының жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Солардың ішінде 330 пациенттің жағдайы ауыр. Одан басқа стационарларда КВИ бойынша ПТР-тест нәтижесі теріс ЖРВИ немесе басқа тұмау аурулары бар 4 мыңнан астам адам ем қабылдауда», – деді Денсаулық сақтау вице-министрі.
Ажар Ғиниятқызының сөзінше бүгінгі таңда науқастарды емдеуге 46 мың медицина маманы жұмылдырылған. Олардың қатарында интерн-дәрігерлері мен медицина факультетінің жоғары курс студенттері бар.
«Жеке клиникалардың ұжымдары мен жиналыс ұйымдастырылды. Олар да бізді қолдауда. Сондықтан Медициналық сақтандыру қорымен келесімшартқа отырып, бізге көмектеседі», – деді вице-министр.