Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 552 475 адам салдырды.
ERNUR.KZ. 29 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 552 475 адам, екінші компонентін 9 332 615 адам салдырды, деп жазады inbusiness.kz.
Сондай-ақ елімізде жасөспірімдерді, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарды "Pfizer" вакцинасымен егу жалғасып жатыр. Бүгінге дейін препараттың I дозасын 1 233 914 адам, ІІ дозасын 1 184 879 адам салдырды. Оның ішінде І компонентімен егілді:
- жасөспірімдер – 871 440;
- жүкті әйелдер – 41 407 ;
- бала емізетін әйелдер – 145 144.
ІІ компонентімен егілді:
- жасөспірімдер – 853 087 ;
- жүкті әйелдер – 39 114.