Елімізде апатты оқиғалардан баспананы міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін

0
799

Елімізде жылжымайтын мүлікті сақтандыру ерікті түрде жүргізілмек.


Елімізде апатты оқиғалардан баспананы міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Елімізде апатты оқиғалардан баспананы міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін. Бүгінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі оның түрлі нұсқасын қарастырып жатыр, деп жазады inform.kz.

«Қазіргі уақытта агенттік Қазақстан үшін апат тәуекелдерінен сақтандырудың неғұрлым қолайлы моделін таңдау мақсатында мемлекеттік органдармен және халықаралық сарапшылармен бірлескен жұмыс жүргізіп жатыр. Модельдің әртүрлі нұсқасы қарастырылуда және қарастырылған нұсқалардың бірі азаматтардың атына тіркелген тұрғын үйді апат тәуекелдерінен міндетті сақтандыруды енгізу болмақ», — делінген агенттіктің ресми сауалына берген ведомство жауабында.

Аталған агенттік осы жылдың соңына дейін ел азаматтарының баспанасын сақтандырудың оңтайлы моделін айқындап алмақ. Содан кейін оны қоғам талқысына шығаруды көздеп отыр. Айта кетерлігі, 2024 жылдың 19 тамызына дейінгі дерекке қарағанда, еліміздің сақтандыру ұйымдарына су тасқынына байланысты оқиғалардан сақтандыру туралы 134 өтінім келіп түскен. Оның 120-сы — жеке тұлғалардан, ал 44-і — заңды тұлғалардан

«Бүгінде сақтандыру төлемдеріне мәлімделген жалпы сома 907 млн теңгені құрайды. Оның 394,2 млн теңгесі — жеке тұлғалардар, 512,5 млн теңгесі — заңды тұлғалардан. Қалған өтінімдерді сақтандыру компаниялары қарастырып жатыр», — деп нақтылайды агенттіктен.

Елімізде жылжымайтын мүлікті сақтандыру ерікті түрде жүргізілмек. Мұндай сақтандыру құқығы 24 ұйымның 15-інде бар.

Әдетте мүлікті ерікті сақтандыру шарттары жер сілкінісі, су тасқыны, лай көшкін, дауыл және басқа да табиғи тосын жайттарды қоса алғандағы апаттардан болатын тәуекелдерді жабады. Мұндай полистің құны әртүрлі және жылжымайтын мүліктің орналасқан жері, оның құны, жабынды мөлшері мен түрі және сақтандыру жағдайының тарихы сынды көптеген факторға байланысты болуы мүмкін.

ҚНРДА пәтерді немесе жеке үйді сақтандырудың орташа құны бірнеше мыңнан ондаған мың теңгеге дейін болуы мүмкін екендігін алға тартады. Ал жалпы сақтандыру сомасын сақтандыру компаниясынан анықтау қажет.