Елімізде бір аптада 43 орман өрті тіркелді

0
173

Оның 34-і мемлекеттік орман қоры жерлерінде.


Елімізде бір аптада 43 орман өрті тіркелді

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. 2026 жылғы 5–11 шілде аралығында еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 43 орман өрті тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.

Апта бойы мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның әуе өрт сөндіру десанттары, тікұшақтары және арнайы техникалары 43 орман өртін, сондай-ақ кең аумақты қамтыған дала өрттерін сөндіру жұмыстарына қатысты.

Оның ішінде:
• жергілікті атқарушы органдарға қарасты орман мекемелерінде – 9 орман өрті;
• мемлекеттік орман қоры жерлерінде – 34 орман өрті.

Өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің бақылауы барысында дер кезінде анықталып, жедел әрекет ету нәтижесінде қысқа уақыт ішінде оқшауланып, толық сөндірілді.