Елімізде иммундау апталығы басталды: халықты егу тегін жүргізіледі

0
1 328

Жалпы елімізде инфекциялық ауруларға қарсы жыл сайын шамамен 5 миллион адам, оның ішінде бір миллионнан астам бала егіледі.


Елімізде иммундау апталығы басталды: халықты егу тегін жүргізіледі

ERNUR.KZ. Елімізде соңғы 20 жылда қызылша, дифтерия және сіреспе аурулары жойыла бастаған. Сондай-ақ А және В вирустық гепатиті 40 есеге төмендеді. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп жазады 24.kz.

Қазақстанда иммундау апталығының басталғанын хабарлаған бас санитарлық дәрігер, халықты егу тегін жүргізілетінін айтты. Жалпы елімізде инфекциялық ауруларға қарсы жыл сайын шамамен 5 миллион адам, оның ішінде бір миллионнан астам бала егіледі. Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі 21инфекциялық аурудың алдын алады.

"Вакцинацияға біз вакциналарды 26 млрд теңгеге сатып аламыз. Біз көптеген отит, синусит, бронхит деген ауруларды байқаймыз. Олар ертең созылмалы ауруға айналып кетеді. Ал ертең біз вакцина алсақ, асқынулар болмайды" - дейді ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.