Елімізде кейбір пойыздар кешігіп жүреді

0
639

Компания жолаушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністікпен қарауды өтінеді.


Елімізде кейбір пойыздар кешігіп жүреді

ERNUR.KZ. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

"Жөндеу-жол жұмыстарына байланысты белгілі бір телімдерде пойыздар қозғалысының жылдамдығы кестеде көрсетілген жылдамдықтан өзгеше болуы мүмкін.

Келесі пойыздар өз кестесінен кешігіп жүруі мүмкін:

Астана – Алматы

Алматы – Петропавл

Шымкент – Астана

Жезқазған – Алматы

Алматы – Орал", - деп жазды ведомстводан.

Компания жолаушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністікпен қарауды өтінеді.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ жөндеу жұмыстары аясында пойыздар қозғалысы кестесін сақтау бойынша күнделікті шаралар жүргізуде.