Қазақстанда табиғи газ өндірісімен 4 кәсіпорын айналысады.
ERNUR.KZ. Биылғы жылы қаңтар-қазан айларында Қазақстанда 259,9 млрд теңгеге табиғи газ өндірілді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5% төмен, деп жазады ҚазАқпарат.
Есепті кезеңде нақты мәнде 43 366,8 млн/м3 табиғи газ өндірілді, бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға төмен. Ілеспе мұнай газ өндірісі 25 777,1 млн/м3 құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 2,9%-ға аз.
Айта кетейік, Қазақстанда табиғи газ өндірісімен 4 кәсіпорын айналысады.