Елімізде тұмауға қарсы екпеге сұраныс арта түсті

0
794

Вакцина Ресей елінен келген Гриппол және Гриппол+ препараттары.


Елімізде тұмауға қарсы екпеге сұраныс арта түсті

ERNUR.KZ. Тұмауға қарсы екпеге сұраныс биыл ерекше көбейген. Денсаулық сақтау министрлігі де осы тұмауға қарсы егуді биыл ерте бастады. Өңірлерге бөлінетін мөлшерді де жылдағыға қарағанда әлдеқайда көбейткен екен, деп жазады Stan.kz.

Атырау облысына тұмауға қарсы салнатын вакцинаның 60 мың дозасы тегін бөлініпті. Ол созылмалы аурулары бар балаларға, медицина қызметкерлеріне, жасы алпыстан асқандарға арналған. Ерте басталған егі жұмыстары ерте аяқталуы мүмкін. Өйткені қыркүйектің 15-нен бергі он күндікте елдің 40% қамтыған.

Вакцина Ресей елінен келген Гриппол және Гриппол+ препараттары. Сондай-ақ дәрігерлер екпеге елдің көзқарасы өзгергенін айтады.

"Пандемиядан кейін вакцина алу ата-аналардың көзқарасы жақсы жағына қарай өзгерді. Тұмауға да қарсы вакцинаны алуға белсенділік танытып отыр", - дейді №1 Атырау қалалық емханасының директорының орынбасары Айнагүл Шауымова.

Дәргерлер тұмауға қарсы екпе бұл аурудың алдын алу шарасы дейді.

"Адамдар арасында қате қалыптасқан ұғым бар. Вакцинация алғаннан кейін де ауырдым. Неге? деген сұрақ болады. Тағы да айтамыз: ауырған күнің өзінде жеңіл түрінде өткізесіз. Бұл алдын алу шарасы", - дейді Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Бекзада Дүйсембаева.