Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, елдің төрт өңірі "қызыл", алтауы "сары" аймақта.
иллюстрациялық фото
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Алматы облысы "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2021 жылғы 01 қарашадағы жағдай бойынша:
"Қызыл" аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.



