Еліміздегі деректерді өңдеу орталықтарын дамытуға 10 млрд доллар инвестиция тартылады

0
114


Еліміздегі деректерді өңдеу орталықтарын дамытуға 10 млрд доллар инвестиция тартылады

Фото: Анадолы

ERNUR.KZ. ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов деректерді өңдеу орталықтарын дамыту жөнінде мәлімдеме жасады, деп жазады inform.kz.

— «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» атты жоба іске асырылып жатыр. Біз бұл жобаға үлкен үміт артамыз. Қазір деректерді өңдеу нарығы жылдам өсіп бара жатыр. Біз де осы нарықтың бір бөлігін өзімізге тартып алғымыз келеді. Сондықтан біз осы жобаны қолға алдық. Қызығушылық өте жоғары. Көптеген елден компаниялар келіп, келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Дайын тұрған келісімшарттар да бар. Жақында америкалық Firebird компаниясымен келісішартқа қол қойдық. Оның басты серіктесі — бүкіл әлемге танымал NVIDIA компаниясы. Бұл компанияларды біз сенімді серіктес деп есептейміз. Жалпы, тек қана Firebird компаниясынан 10 млрд долларға жуық инвестиция тартылады, — деді ол ҚР Үкіметінің және ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту жөніндегі отырыста.