Елорда күніне орай Текеліде биіктігі 25 метрлік тутұғыр орнатылды

0
1 156

Ту көтеру құрметіне каратэден жасөспірімдер арасындағы Азия және Әлем чемпионы Әсемай Акрамбек ие болды.


Елорда күніне орай Текеліде  биіктігі 25 метрлік тутұғыр орнатылды

ERNUR.KZ. Алматы облысының Текелі қаласында Елорда күні мен Ата Заңымыздың 25 жылдығына орай биіктігі 25 метрлік тутұғыр орнатылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асты.

Ту көтеру құрметіне каратэден жасөспірімдер арасындағы Азия және Әлем чемпионы Әсемай Акрамбек ие болды.

Текеліде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша барлығы 13 жоба жүзеге асып жатыр. Оған 1 млрд 837 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.


Сонымен қатар моноқалада балаларға арналған екі спорт алаңы да пайдалануға берілді.

Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға барлығы 214 адам қамтылуы тиіс. Қазір соның тең жартысынан астамы қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тартылып, аталған нысандарда еңбек етіп жатыр.