Елордада дезинсекция және дератизация жұмыстары жалғасуда

0
1 357

Елорданың төңіректеріндегі маса мен шыбын-шіркейлерге қарсы дезинсекция жұмыстарының 2 кезеңі басталды.


Елордада дезинсекция және дератизация жұмыстары жалғасуда

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан мен елорданың төңіректеріндегі маса мен шыбын-шіркейлердің ұшатын формаларына қарсы дезинсекция жұмыстарының 2 кезеңі басталды, деп жазады Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайты.

Ашық су қоймаларын және қаланың көшелерін өңдеу бойынша жұмыс бір мезгілде қаланың барлық аудандарынан басталды, бұл маса мен шыбын-шіркейлердің көрші аумақтардан ұшып келуіне жол бермеу үшін өте маңызды.

Дезинсекция және дератизация жұмыстарына «Сарыарқа», «Есіл», «Байқоңыр» және «Алматы» аудандарынан мамандардың 3 бригадасы, термогенератор, роторлы бүрку құралдары және басқа да арнайы техникалар тұрады. Өңдеу жұмыстарын 100-ден астам маман жүзеге асырады: бригадирлер, биологтар, дезинфекциялаушы мамандар.

«Сарыарқа» ауданында дезинсекция жұмыстары Жеңіс даңғылы-Бөгенбай даңғылы-Республика көшесі-Есіл өзенінің жағасы алаңдары аумақтарында жүргізіледі.

«Байқоңыр» ауданында: - Жастар шағын ауданы шекаралары, Отырар, Иманов, Бараев, Кравцов, Ташенов, Тархан-Хусейн көшелері, Ақбұлақ және Есіл өзендері шекарасында, Ататүрік саябағында жүргізіледі.

«Есіл» ауданында - Есіл өзенінің жағасында Ақорданың бағытындағы рамстор көпірінен, «Сарыарқа» көпірінен және Бейсеков көшесіне дейін.

«Алматы» ауданында – Ақбұлак ауданы, Тәуелсіздік көшесі, Момышұлы даңғылы, Қошқарбаев даңғылы шаршы алаңында және Есіл өзені бойында жүргізіледі.