Кінәлі тұлға қылмыстық әрекетке екі сыбайласын тартқан.
ERNUR.KZ. Елордада есірткі зертханасы анықталды, деп жазады kaz.inform.kz.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша үш адам сотқа берілді.
Тергеу барысында мәлім болғанындай, сотталушы темір контейнерді жалға алған. Осыдан кейін ол қала сыртында құны 2 млн теңге болатын жер телімін сатып алып, контейнерді психотроптық заттарды шығаратын зертхана ретінде жабдықтап, орналастырған.
Кінәлі тұлға қылмыстық әрекетке екі сыбайласын тартқан. Тергеу барысында астыртын зертханадан алынған 24 кг астам психотроптық заттар жойылды.
Нәтижесінде сот елорданың үш тұрғынын аса ірі көлемде психотроптық заттардың аналогын сату мақсатында заңсыз дайындағаны және сақтағаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылдан 11 жыл 3 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Үкім заңды күшіне енді.