Елордада кәріз құдығына түсіп өлген жұмысшылар бір-бірін құтқармақ болған (видео)

0
1 072

«Астана Су Арнасы» мекемесінің 4 қызметкері жазатайым қаза болды.


Елордада кәріз құдығына түсіп өлген жұмысшылар бір-бірін құтқармақ болған (видео)

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда кәріз құдығына түсіп өлген жұмысшылар бір-бірін құтқармақ болған, деп хабарлайды ktk.kz.

Елорда да қайғылы оқиға! «Астана су арнасының» 4 сантехнигі метан газына тұншығып қайтыс болды. Олар кәріз құдығының ішіне түсіп сорғы станциясына жөндеу жұмыстарын жүргізбек болған. Алайда құдыққа түскендер одан қайтып шықпады.

"Болжам бойынша бір қызметкер есінен танып, цилиндрге құлаған. Кейін оны құтқару үшін екіншісі баспалдақпен түскен. Осы екеуін құтқармақ болған тағы екі азамат та төменге түскеннен кейін тіл тартпай кеткен", - деді ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер.

Еске салайық кеше Нұр-Сұлтанда «Астана Су Арнасы» мекемесінің 4 қызметкері жазатайым қаза болып, қала әкімі Б.Сұлтанов аса қайғылы жағдайға байланысты шұғыл тексеру жүргізуді тапсырғанын хабарлаған болатынбыз.